Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік келіншек банк қызметкерін жазалауды сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2019
  • 3405

Ақтөбелік Аягөз Әбілова әділдікке қол жеткізе алмай шырылдап жүр. Келіншектің айтуынша, оны банк қызметкері алдап, пәтерін жалдап пайда тапқан. Көп балалы ана оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, аяқсыз қалғанын айтады. Оқиғаның жай-жапсарын Бақыт Рахметова тарқатады. 

Аягөз Әбілова он екі жыл бұрын екінші деңгейлі банктердің бірінен несиеге үй алған. Ипотеканы доллармен рәсімдеп, ай сайын 50 мың теңге шамасында төлеген. Екі жылдан соң доллар қымбаттап, төлем 88 мың теңгеге жеткен. Аягөз несиені теңгеге ауыстыруын сұрап, банкке өтініш жасаған. Бірақ банк менеджері алты айға төлем қабілетсіздігі туралы арыз жазуды ұсынған көрінеді. Жарты жыл несие төлемеген келіншек "банк қызметкеріне алдандым" деп отыр.

Аягөз ӘБІЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Қайыралиев Ержан маған кілті әкеліп бер деді. Бірінші мені банкке шақырды. Начальник екеуі айтты. Если сен кілтті қазір бермесең, біз покупатель тауып тұрмыз. Бермесең кілті, сенің үстіңе долгты ілеміз. Еще кілтті алып кетеміз. Бәрібір сен үйсіз қаласың деді. Сосын мен үйге келіп жолдасыммен ақылдасып, кілтті беруге шештім.

Бірақ екі жыл өткен соң Аягөз Әбілова үй өзінің атында тұрғанын анықтапты. Оны Халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда кездейсоқ білген. Ипотекалық төлем жасалмағандықтан, үстемақы жиналып қалған. Ал кезінде оған қызмет көрсеткен банк қызметкері жұмыстан шығып кеткен көрінеді.   

Аягөз ӘБІЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Бұл үй менің атымда менің үйім ол менің алаяқтықпен кілтімді алып, үстімнен үйімді жалдап отырды. Жалдап отырып еще пәтерақы төлемеген, ештеңе төлемеген. Оны мен білмеймін. Банкте кредитім өсіп жатты. Оған қоса коммуналдық төлем өсіп жатты. Үйімнің барлығын құртып кетті. Екі куәгерім бар. Оларды апарып тұрғанның өзінде ешқандай шара қолданылмай отыр.

Қазір келіншек өз үйінде тұрып жатыр. Банк барлық жиналған үстемені кешіріп, пайызын едәуір азайтып берген. 2012 жылы банк қызметкерінің үстінен алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ аяқсыз қалып отырған көрінеді. 

Атығай АРЫСТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

Соның бәрін көтеріп, қарап сосын уже қандай тергеу жүргізілетінін неліктен қандай себептер болғанын, ол іс қысқартылуға жауап береміз. Өз орынбасарым бар, тергеу жағынан солармен бірге қарап, зерделеп бақылауға алынады.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Аягөз бұрынғы банк қызметкерінің қалай да жазаланғанын қалап отыр. Ол сот арқылы барлық шығынын да өңдіріп алмақ.

Б. Рахметова