Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылғы оқу жылына 53 785 грант бөлінді

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2019
  • 2912

Биылғы оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Қазіргі уақытта тегін білім алу гранттарына үміттілер саны бұдан жоғары. 57 мыңнан асып жығылады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді. Қазіргі уақытта жас түлектер ақпараттық технологиялар мамандығын жиі таңдайтын болған.

Дидар СМАҒҰЛОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасы арасында сұранысқа ие ақпараттық технологиялар. Оған 4 мыңға жуық үміткер өтініШ түсірді. Одан кейін медицина, мұғалімдерді ағылшын тіліне дайындау, қала құрылысы сынды мамандықтарға сұраныс жоғары. Бұрынғыдай құқыққорғау мамандығы алда тұрған жоқ. Бұл мамандыққа халықаралық құқық, құқықтану және кеден ісі сынды мамандықтар кіреді. Биыл оған тек бір мыңнан аса адам өтінім түсірді. 

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады. Конкурсқа өтініштер қабылдау 20-шы шілдеге дейін жүргізіледі. Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтына жарияланады.

Н.Біләл