Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық кеңес қызметіне қаражатты жергілікті бюджет бөледі

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2019
  • 2658

Бұдан былай мемлекеттік орган қоғамдық кеңес ұсынысына 1 ай ішінде жауап беруге міндеттелмек. Азаматтық альянс вице-президенті Гамал Түзелбаев бұл норма заңнамаға енгізіледі, дейді. Ал келер жылдан бастап қоғамдық кеңес қызметіне қаражатты жергілікті бюджет бөледі. Биыл бұған мемлекеттен де қарастырылған ақша аз емес. Кеңес жобаларына 18 млн 600 мың теңге бөлінген болатын. Айта кетейік, елде 231 қоғамдық кеңес бар. Оған 3500-ден аса белсенді азамат мүше. 

Гамал ТҮЗЕЛБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Қаржыландыру мәселесі де тұр негізі, проблемалар ішінде. Заң шыққаннан кейін, келесі жылдан бастап әкімдіктер қоғамдық кеңестің қызметін жүргізуге қаржы бөлу керек болады. 

А. Бектас