Әлем фигуристері мұз айдынында Денис Тенді еске алды. «Денистің достары» мұз шоуын Алматы қаласында өтті. Еске алу кешіне Еуропа мен Азиядан, Солтүстік Америкадан келген Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар қатысты. Биыл олар Қазақстанға осымен 5- інші рет келіп отыр. Мәнерлеп сырғанау шеберлері Мұзды шоуды Денис Теннің өзі айтқан ән әуенімен ашты.
Әркім өз өнерін атақты фигуристке арнады. Кейбірінің сырғанау мәнері Денистің бағдарламаларына ұқсайды. Енді бірі спортшының киім үлгісінің көшірмесін қайталаған. Қазақстан фигурсті өнер көрсеткен музыкалар да қойылды. Шоудың шынайы болғаны соншалық, көрермендерді қатты толқытты.
Замира БОРАНҚҰЛОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ :
Денисті қатты жақсы көрдім. Ол сондай ашық, адамгершілігі мол жан еді. Көзінен мейірім төгіліп тұратын. Қазақстан үшін қаншама жүлдені жеңіп алды. Нағыз патриот болатын. Оның анасына бас иемін. Бүгін осындай ұлды өмірге әкелгені үшін алғысымды білдірейін деп арнайы бір құшақ гүл ала келдім.
Светлана ТЕН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Есте қалады ол. Әлі көзімізге жас аламыз, жылдар бойы жоқтап өтеміз. Мезгілсіз арамыздан кеткені өте өкінішті.
А. Қуаш