Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 40-тан астам адамның ақшасын ұрлаған 37 жастағы алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2019
  • 2329

Павлодарда 40-тан астам адамның ақшасын қолды қылған алаяқ ұсталды. Ол жымысқы әрекетін Павлодардағы Каспий банкі бөлімшелерінің бірінде іске асырған. Банктің несие беру жөніндегі менеджері болып жұмыс істеген Руслан Сексенбаев алдына келген клиенттердің кепілдегі жылжымайтын мүлкін сатып беруге көмектесемін деп ақшаны өзінің есеп шотына аудартып отырған. Полицейлердің хабарлауынша, әзірге келтірілген шығын көлемі 320 млн. теңге шамасында. 

ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ :

21 шілде күні күдіктіміз ұсталды. Қазір күдіктіміз изоляторда жатыр. Одан кейін шешім шығарамыз сот бойынша. Жәбірленушілер 28 болған, қазір 43-ке дейін көтерілді. 43 адам. Кінәсін толығымен мойындады. Қазір тергеу жүргізіп жатырмыз.

Күдікті өзі қарызға батқан соң, қызмет бабын пайдаланып, клиенттерді алдауға көшкенін айтқан. Осылайша қарызын жапқан пысықай тоқтамай, заңсыз әрекетін жалғастыра беріпті. Барлығы әшкере болатын білгенде жұмыстан шығып, қашуға әрекет еткен. Ал алданған тұрғындардың қаражатын қайтаруды «Каспий банк» өз мойнына алды. 

Ольга КИМ, «KASPI BANK» АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Біз сіздерді жақтаймыз. Клиенттердің құқығын қорғауға дайынбыз. Сондықтан салған ақшаларыңызды өзіміздің жеке есебімізден қайтарып береміз. Бірақ, болған оқиғаның анық-қанығын білу үшін бізге біраз уақыт керек.

Бір айта кетері, банк қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматқа 10 млн. теңге төлегенін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады. 

Ө. Қуанар