Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызметте мас болған жедел жәрдем қызметкерлері жұмыстарынан қуылды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2017
  • 2621

Астанада дәрігерлік шақыртуға мас күйінде барған жедел жәрдем бригадасы түгел қызметтерінен қуылды. Екі дәрігер мен көлік жүргізушісінің ішімдік ішкені дәлелденген. Мұны қалалық денсаулық сақтау басқарамысының мамандары растады. Астана тұрғыны дәрігерлерді баласының қызуы көтерілген соң шақырған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада оларды аттай бір сағат күткенін айтады. Алайда, аяғын әзер алып жүргендер қалай келсе, солай кетуіне тура келген.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар оларды дереу жұмыстан босатыпты. Қазір жедел жәрдем стансасының басшылығына қатысты да қызметтік тексерістер жүріп жатыр, - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Тимур Мұратов, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Фельдшерлердің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Сол күні жұмыстан шығардық. Енді жұмысқа қабылдаған кезде қандай адамды алатынымызды дұрыстап қадағалаймыз. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр, бір аптаның ішінде біз шешім шығарамыз.