Русский Сайттың толық нұсқасы

Шет елдердегі қазақ диаспорасының балаларына арналған 2 апталық жазғы мектеп мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2019
  • 3790

Шетелдегі қазақ балалары астанаға қонаққа келді. 12-17 жас аралығындағы 150-ден астам жасөспірім 2 апта бойы жазғы лагерге қатысты. Олар- тарихи отанында білімін жетілдіріп, салт-дәстүрімен танысты. Жеткіншектер Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысындағы көрнекі жерлерді аралады. Биыл алғаш рет қолға алынған шараға- «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мұрындық болған. 

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ :

Нұр-Сұлтан қаласының дамып келе жатқан келбетін көрсеттік, қазақ тілі мен Қазақстан тарихын академиялық деңгейде оқытып үйретті, одан өлек ұлттық қолөнерімізден тұратын үйірме жұмысын көрсеттік, балалар алғаш мәрте домбырада үйренді. Сонымен қатар қазақ тілінде өлеңдер жаттады.

Алланияз ШАДКАМ, ҚАТЫСУШЫ /ИРАН/:

Қуанып келдік астанаға. Өте жақсы неше миллаттан қазақ келгені бізге өте жақсы болды. Қазақ елімізді көрдік, тарихымызды білдік, астанамызға келгесін ана тілімізді көбірек үйрендік. 

Д. Қайыртай