Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүмкіндігі шектеулі балалар қолөнер жәрмеңкесіне қатысты

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2019
  • 4407

Алматыда 40-қа жуық бүлдіршін қолөнер бұйымдарын жәрмеңкеде саудалады. Балалар өнімінің көрмесі «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өтіп отыр. Қатысушылар психоневрологиялық сырқатқа шалдыққан балалар орталығынан келді. 

Татьяна ТАЛИПОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Биыл көп жетістікке қол жеткіздік. Орталыққа келгеніміз өте дұрыс шешім болған. Біріншіден, баламыз сурет салып, түстерді айыра бастады. Бұрын бәрін тек «Мама» деп шақырса, қазір өз бауырының атын атайды. 

Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкені қоғамда сырқат жандарға деген тең пікір мен түсінік қалыптастыру үшін қажет, деп санайды.

Роза БАДАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Ертең өскенде ол бала өмір жолын тауып, тек қана үйде отырмай жұмысқа орналасса. Соларға адамдарды кішкене тарту. Біздің үлесіміз сондай.