Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы базар жұмысшыларына құқықтық кеңестер берілді

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2019
  • 2453

Саудагерлерге несие беріле ме? Несие беру кезінде қандай жеңілдіктер қарастырылған? Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркейді? Жер және баспанаға қатысты түрлі әлеуметтік мәселелерді қалай шешуге болады? Бүгін Алматы қаласындағы базарлардың бірінде саудагерлер өздерін толғандырған көптеген сауалдарға жауап алды. Ал оларға мұндай мүмкіндік жасаған - «Nur Otan» партиясының «Халыққа көмек» жобасының аясында ұйымдастырылған жылжымалы мобильді топ.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен көмекке мұқтаж жандардың проблемасын тез әрі нәтижиелі шешуге бағытталған акция, қаладағы базарлар мен сауда орындарында жүріп жатыр. Онда тұрғындар несие мен баспана тақырыбынан бөлек, коммуналдық төлем мен зейнетақыға байланысты сауалдарын жолдап, құқықтық кеңестер алды.

Райхан КОРНЕЛЮК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде қандай сұрақ граждантство, послобие көпбалалылар бар. Қанша береді, қалай береді. Кімге бару керек, қандай справка береді. Жер беріле ма , пәтер беріле ма? Кредит керек бізге, ол қандай жолмен беріледі? Бізде ИП бар, біз налог төлейміз

«Халыққа көмек» мобильді акциясы барысында азаматтардан келіп түскен өтініштер орталық немесе жергілікті мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Ұйымдастырушылар саудагерлер жұмысбасты болғандықтан, тұрғындарды қабылдауға арналған мобильді пункті базардың алдынан ашуды жөн көрдік дейді. Енді мобильді топ, қаладағы басқа да сауда орындары мен вокзал маңында да жұмыс істейтін болады.  

Станислав КАНКУРОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бүгін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, 15 басқарма өкілдерін алып келдік. қаншама адамдар келіп отыр, базарда сатушылар, тачкадағы адамдар жұмыс істейді. Олар күнде шыға алмайды жұмыстан. Енді кешке барса мемлекеттік органдарда қабылдау жоқ. Енді сол үшін біз мына жерде қандай өзекті мәселер бар адамдардың осында қабылдап отырмыз.