Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорықшы Қаныш Нұртазинов құрметіне көше аты берілмек

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2019
  • 3028

Браконьер қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Жезқазғанда жаназаға жиналған кісі қарасы көп болды. Қара жамылған отбасына көңіл айтып барғандардың арасында Экология министрі мен Қарағанды облысының әкімі де бар. Министр табиғат қорғаушының ерлігі үшін президент ұсынған 1 дәрежелі Айбын орденін батырдың анасына тапсырды. Шенеуніктер еліне адал азамат тәрбиелеп өсіргеніне алғыстарын да білдірді. 5 баласымен жесір қалған марқұмның әйеліне материалдық көмек көрсетілмек. Облыс әкімі қорықшының туып өскен жері Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында Қаныш Нұртазиновтің есімімен көше берілетінін айтты. 43 жастағы қорықшы полиция қатарында қызмет атқарған. Ал үш жыл бұрын табиғат қорғаушысы қызметіне ауысады. Ақмола облысында ақбөкендерді аяусыз атып жүргендерді байқаған екі қорықшы браконьерлерді ұстауға әрекеттенген. Сол кезде қару атылып, Қаныш Нұртазинов жан тапсырған еді. Жарақат алған тағы бір қорықшы ауруханада жатыр. 

Г. Меңдеева