Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО денсаулық сақтау басқармасы: балалардың өлім-жітіміне дәрігерлер кінәлі емес

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2019
  • 1786

Қызылжарда балалардың өлім-жітіміне аналар денсаулығының нашарлауы себеп. Сәбилерді дүниеге әкелген әйелдердің 80 пайызының әлеуметтік жағдайы нашар. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімеді. Биыл 29 бала бақилық болған. Мамандар аналардың дәрігерлерге қаралмайтынын айтып отыр.

Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Былтыр жарты жылдың ішінде 30 бала қайтты, биыл 29 сәби. Олардың басым бөлігінің салмағы 1.5 келіге де жетпеді. Мұндай ұсақ нәрестелердің өмірін сақтап қалу өте қиын. Қазір мамандар қосымша оқудан өтіп жатыр. Былтыр 170 миллион теңгеге қондырғылар сатып алдық. Биыл бұл мақсатқа қаражат екі есе көп бөлінді. Дәрігерлер тынымсыз еңбектеніп жатыр. Сондықтан оларды жұмыстан шығару артық деп есептейміз.

Еске салайық, кеше Денсаулық сақтау министрлігінің алқа жиынында Елжан Біртанов теріскейдегі бас дәрігерлерді сынға алған болатын. Министр Солтүстік Қазақстанның бала өлімі бойынша бірінші орында тұрғанына ақ халаттылар кінәлі екенін айтты. Құзырлы орган жетекшісі егер аурухана басшысы өз міндетін орындай алмаса, қызметін босатуы тиіс екенін атап өтті. 

А. Құрманкин