Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласында 143 адам жемқорлық үшін сотталған

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2019
  • 2167

Соңғы 4 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласында 143 адам жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. 2016-шы жылдан бұл салада 500-ден астам жемқорлық фактісі тіркелген. Оның ішінде 221 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 143 адам сотталды. Олжас Бектенов ауыл шарушылығы саласында халыққа көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру бойынша нақты жұмыс жүріп жатқанын айтты. Соған қарамастан жемқорлық әлі де тыйылар емес. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауыл шаруашылығы саласында да жемқорлық тамырымен жойылды деп айта алмаймыз. Соңғы кезде жергілікті салалық органдарда заңбұзушылық көп тіркеліп жатыр. Бұл заңбұзушылықтарға министрліктің салалық құрылымдарынан да, жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан да жол беріліп отыр. 

Ә. Өмірзақ