Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда арнайы операция кезінде құрықталған қылмыстық топтың сегіз мүшесі 2 айға қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2019
  • 2715

Маңғыстау облысында арнайы операция кезінде ұсталған қылмыстық топтың сегіз мүшесі қамауға алынды. Ақтау қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 2 ай уақытша ұстау туралы шешім шығарған.Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі деп хабарлады. 29 шілде күні арнайы қызмет пен Ішкі істер министрлігінің мамандары бірлесіп, Маңғыстау облысында қылмыстық топтың жолын кесу үшін арнайы операция өткізді. Әр түрлі қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталған. Тінту барысында ТТ және Макаров тапаншалары, револьвер, «Сайга» мылтығы және тағы басқа түрлі суық-қарулар мен оқ-дәрі, есірткі заттары және 5,6 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат тәркіленген. 

- Где второй, где второй?

Ә. Өмірзақ