Русский Сайттың толық нұсқасы

Шуда тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында дау шықты

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2019
  • 6145

Шу қаласында тұрғындар мен тәртіп сақшылар арасында шу шықты. Полицейлердің заңсыз әрекетінен әбден мезі болдық деген бұқара полиция бастықтары орындарын босатын деп талап етіп отыр. Олар жуырда ғана өртеніп, өлі күйінде табылған полицейдің өлімін оның тусының мойнына ілмек болды дейді. Тараптар арасындағы дауға Данияр Әлімқұл үңіліп көрді. 

- Димаш кетсін, Асқат кетсін, Димаш кеткін.  

Тұрғындардың айтуынша, полиция көше бойында тұрған көлік жүргізушісіне кісен салады. Сақшылардың сол тұтқындау сәтін көрген тұрғындар жаппай жиналып, аяқ асты араздасыпты. Ал тұтқындалған Біржан Халық есімді азамат осыдан бір ай бұрын өлтіріліп, өртенген полиция майорының қайынағасы екен.  

Біржан ХАЛЫҚ, ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Маған қысым көрсеткен олар. Өлікті мойныңа ал деп күйеу балаңның. Болмаса анашаңды лақтырып, осы жақтағы балалардың бәрін жабамыз деп қорқытқан.

Тұрғындар сақшыларға деген сенім кетті деп отыр. Бейбіт күнде қит етсең қорқытып, қоқан-лоқы көрсету жиілеп кетті деп жыларман.  

Жандар МОЛДЫБЕКОВ, ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Тыкать етіп жатыр, күнде кешкісін жатарда кәлимәңді оқы. Келесі сен боласың деп жатыр. - Оны кім айтып жатыр. - Димаш, Нұржан. ОБН-нің бәрі ғой.

Бір сәтте резонанс тудырған оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті сұхбат берді. Олар есірткі тасымалдауға қатысы бар 3 адамды тұтқындаған. Сол сәтте тұрғындар түсініспеушілік танытады. Алайда, күдіктілерден ештеңе табылмағандықтан қайта жіберген. Ал полицейдің өліміне қатысты тергеу әлі жүріп жатыр. Ал "марқұм болған майордың өлімін қайынағасының мойнына іліп жатыр деген жалған ақпарат" деді.  

Темірбек ОРАЗЫМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл жайлы мен толық айта алмаймын. Өйткені, қазір екі қылмыстық іс бөлекше тергеу амалдары жүргізілуде. Заң шеңберінде сіздерге оны жариялай алмаймын. Полиция қызметкерлері тарапынан ешқандай бір қысым болған жоқ. Ұсталған 3 адамға үстінен денсаулығына болмаса моральдық тарапынан қысым болған жоқ. Бәрі заң шеңберінде жұмыс атқарылды.

Полициямен араздасып қалған адамдардың шуы әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Тұрғындар полицейлердің әрекетін жоғары жақтағы басшылар қатаң қадағаласа деген тілек айтты.  

Д. Әлімқұл