Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде ондаған гектарға егілген миллиондаған шырша көшеттері қурап қалған

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2019
  • 3602

Ақтөбеде ондаған гектарға егілген миллиондаған қылқан жапырақты ағаштардың көшеттері қурап қалған. Қараусыз қалған аймақтағы бұл шошайған шыбықтарды еріктілер алғашқы болып байқап, дабыл қағып отыр. Қала сыртындағы жасыл белдеу болады деп жоспарланған аймақтың бүгінгі сыйқы адам шошырлық. Тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады. 

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:  

Тап осындай қылқан жапырақты ағаштың бұл жерге миллоннан астам түбі отырғызылған. Көшет тамыр жібергенімен кейін қараусыз қалған болып отыр.

Бұл көшеттер екі жыл бұрын әуежайдың ұшу алаңы маңында отырғызылған. Жоба бойынша бұл жерден ұшақпен қарағанда әдемілік үшін қарағайдан «Ақтөбе» деген жазу өсуі тиіс болған.  

Евгений ЛАЗАРЧУК, ЕРІКТІ:  

Бұл жерге қылқан жапырақты көшеттер егу ол бастан дұрыс емес. Біріншіден мұнда мидай дала. Бұл жер тәлімбақ емес, бұл жерде оларға тиісті күтім жоқ. Бұл жерге көп күтімді қажет етпейтін сол қарағашты отырғызу керек еді. Ал шырша тұқымдас көшеттерді егу - ақшаны желге ұшырумен тең.    

Желге ұшқан ақша да аз емес. 70 миллион теңге. Қылқан жапырақты желек он гектардан астам аймаққа отырғызылған. Әу баста шенділер бұл қарағай орманын ылғалды топырақ пен жауын шашыннан нәр алатын болады деп жоспарлапты.    

Хасен ЮСУПОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ -КОММУНАЛДЫҚ ШАУШАЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:  

Қазіргі қурап жатқаны биылға ол жерге күтіп ұстау жұмыстарына қаражат қарастырылмаған біріншіден. Екіншіден, ауа-райының қолайсыздығынан жазғы мезгілде жауын-шашынның аз болуынан жердің ылғалдығы жетіспеушілігінен.

Ал табиғат жанашырлары бұл жердің топырағы сор болғандықтан қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу қате деп отыр. Ал көшет егілгеннен кейін тиісті күтім болуы тиіс болған. Ал мұндай теректер жерсіну үшін екі үш жыл аз көрінеді.   

Александр МАНДРЫКИН, ТӘУЕЛСІЗ ЭКОЛОГ:

Қазіргі конкурстық құжаттағы үш жыл күтім деген дұрыс емес. Ақша бөлінді ме? Онда мердігер жасыл желектің арнайы картасын жасап жүргізу керек. Әрбір көшет жерсінгенше, ол ауырса емдеп, екпе жасап дұрыс күтім жасалу керек. Өркениетті елде солай жасалады. Тіпті он , жиырма жылға дейін сол жасыл белдеу сол мекеменің балансында болуы тиіс.

Шенеуніктер биылғы жылы жасыл желекті күтіп-баптауға қаражат аз бөлінгенін айтып отыр. Сондықтан бұл қала сыртындағы жасыл белдеудің алдағы тағдыры не болатыны әзірге белгісіз.

Б. Рахметова