Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 1 апта ішінде есірткі сатқан 19 адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2019
  • 2482

Астанада есірткі саудасы қызып тұр. "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында 19 адам қолға түсті. Ал жыл басынан бері есірткі пайдалану және сату бабы бойынша 300-ге тарта қылмыстық іс қозғалған. Тіпті астанаға кіре берістегі бақылау бекетіндегілер аса ірі көлемде есірткі тасымалдаушыларды апта сайын қолға түсіреді екен. 

Олжас ЖАРЫЛҒАПОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сонымен қатар Қарағанды-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша тас жолында қалаға кіреберіс бекетінде Өзбекстан мемлекетінің тумасы Жамбыл облысынан келе жатқан азамат 82-ші жылы туылған ұсталынды. Одан 13 кг жуық гашиш есірткі тәркіленді. 

Ал жыл басынан бері синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан 4 мыңға жуық сайт бұғатталды. Бірақ олар күннен күнге көбейіп келеді. Мәселен былтыр бұл көрсеткіш екі есеге кем болған екен.

Сергей ИЛЬИНЫХ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ІІД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Соңғы 7 айда ғана нашақорлық бабы бойынша 253 адам үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тіпті есірткіге мас болған 8 көлік жүргізушісі ұсталды. Қалада 6 блок-пост бар бұл жерде біздің қызметкерлеріміз тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Әрине кинолог мамандарымыздың есірткімен күресте атқарар рөлі бөлек. 

Н. Біләл