Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы апаттан кейін Президент өкімімен экс-министр жазаланды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2019
  • 2916

Бүгін Арыстағы жарылысқа жол берген шенеуніктер жазаланды. Президент өкімімен бұрынғы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қарулы күштер құрамынан шығарылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. Экс-министр кезінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамаған және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін, сақталуын қамтамасыз ете алмаған. Сондай ақ, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектанов пен бұрын осы қызметте болған Мұрат Майкеевке және экс-вице министр Талғат Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды. Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан төрт адам қаза тапты. 170-ке жуық адам зардап шекті. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді.

М. Дюсекина