Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 50-ге жуық адамның арызын тыңдады

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2019
  • 3149

Алаяқ полицейлердің арбауына түстім. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қабылдауына келген азамат осылай деп шағым айтты. Ескендір Тұрысбеков Тараз қаласы полиция бөлімінің бұрынғы бастығын айыптап отыр. Айтуынша, полицей жол апатын жасырып қалып, «шығынды өтеп беремін» деген сөзінен айныған. Істің ақ-қарасын айыруды сұраған азаматқа тәртіп сақшылары қысым көрсетіпті. Енді 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан министрден істі әділ қарауды талап етіп отыр.

Ескендір ТҰРЫСБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келіп, мені күш қолданып алып кетпекші болды. Қолдарында ешқандай түсініктемесі, шақырту қағазы жоқ. Мен оларға шақырту қағазыңды бер, сосын алып кет деп айттым. Жоқ, сені алып кетуіміз керек деді Аю деген жігіт. Лақап аты екен. 

Ал ішкі істер министрлігі полицейлер тарапынан заңсыздық анықталса, шара қолданамыз деп сендірді. «Nur Otan» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауында Ерлан Тұрғымбаев 50-ге жуық адамның арызын тыңдады. Көпшілігі қылмыстық істерге қатысты. Бұдан бөлек, азаматтар аймақтардан да видеобайланыспен шағымын жеткізді.

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ, РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Егер полиция тарапынан қандайда бір заңбұзушылықтар табылатын болса, міндетті түрде бұл жерде принципті түрде әрбір факт бойынша ол қызметкердің үстінен болмаса іс қозғап, болмаса қандайда бір нақты шараларды жасаймыз. 

А. Бектас