Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев балалар арасындағы суицидтің артуына назар аударуға шақырды

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2019
  • 4105

Жасөсіпірімдер суицидінің көбеюі - бәріміз үшін қайғы-қасірет. Қасым Жомарт Тоқаев балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау проблемасына назар аударуға шақырды. Президент мұны дәстүрлі тамыз конференциясында айтты. Бұдан былай мұғалімдер әкімшілік жұмысына жегілмей, тәрбиемен айналысуы керек. Ал жалақылары 2 есе ұлғайтылмақ. Абай Сейфулла сабақтайды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше Қазақстан әлемде суицид бойынша үшінші орында. Жыл сайын 8000 қазақстандық өзіне қол жұмсайды, яғни шамамен сағат сайын бір адам суицидке барады. Сан соңғы 2 жылдла 6 пайызға артты. Өмірден баз кешетіндің көбі 14 пен 17 жас аралығындалар. Оған ата-аналарымен, ұстаздарымен арадағы кикілжің мен әлімжеттік себеп. Тоқаев өмірге құштар жандарды тәрбиелемесек болмайды деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Суициды в детской и подростковой среде - это трагедия для всех нас. Всем нам надо серьезно задуматься, почему дети идут на такой шаг. Формирование твердых жизненных установок является, по сути, базовым критерием качества воспитательного процесса.

Дәрігерлердің айтуынша, суицидке талпынатындардың 80 пайызы ақылы сау адамдар. Елордада сондықтан соңғы уақытта азаматтарға психологиялық көмек көрсету орталықтары көбейген. Бірақ дәл суицидке маманданған психологтар аз екен. Мысалы, тек Астанада тегін кеңес беретін екі ғана суицидолог бар.  

Михаил СМЕЦКОЙ, ШҰҒЫЛ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КАБИНЕТІНІҢ СУИЦИДОЛОГЫ:  

Елордада жыл басынан бері 32 адам өзіне қол жұмсауға тырысты. Оның екеуі өлді. 86 пайыз жағдайда оған отбасындағы ұрыс-керіс себеп болады. Әсіресе, ажырасқандар мен аз қамтылғандар көп ұрынады.

Ал аз қамтылғандардың қазіргі тағы бір проблемасы - баланы оқу жылына әзірлеу.   

Наталья КАСИМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Мектеп формасымен, құрал-жабдықпен көмектессе екен. Себебі 15 мың теңге әр балаға жетпейді. Жазу дәптерінің өзіне сегіз мың жұмсаймыз. Одан бөлек ата аналар комитеті жылына әрқайсымыздан бес мыңнан жинайды. Себебі жаңажылдық сыйлықтарды да өзіміз аламыз.

Ал Нұр-сұлтан әкімдігі биыл көмек алатындардың санын 4 есеге арттырды. 7000 отбасының әр баласына 30 мың теңгенің сертификаты ұсынылады. 200 млн теңге сол мақсатқа бөлінбек.  

Әнуар ЖАНҒОЗИН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Екіншісі - жалпыға міндетті оқу қоры аясында берілетін көмек. Бұл көмек әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан, табыстары төменге, күнкөріс деңгейінен аз отбасы балаларына беріледі. Осы бағдарлама аясында балалар жазғы лагерьмен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бір мезгіл ыстық тамақ, құрал-сайман, мектеп формасы беріледі.

Тамыз кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаға ғана емес, мұғалімнің мәртебесіне қатысты мәлімдемесі көпке жақты. Әкімшіліктерді сабақтан тыс жұмысқа жегуге ендігі жерде Үкіметтік деңгейде тыйым салынады. Мұғалімдер енді әрлі-берлі сандалмайтындарына қуанышты.  

Қасқырбек КҮЗЕНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫ №177 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мектеп директорының орынбасары ретінде мұғалімдердің өз жұмысында болғанын қалаймын. Бірақ кейбір сәттерде концерт болсын, басқа да іс шараларға қатыстыру бар. Сондықтан осындай іс-шараларға мемлекет басшысының араласуын құп көремін.

Алдағы төрт жылда ұстаздар жалақысы екі есе өсетін болды. Бірақ бірден емес, сатылап көтеріледі. 2024 жылға дейін теңге құнсызданып, қымбатшылық болмай ма, неге бірден көтерілмейді дегендер де болды. Білім министрі "инфляция болмайды деп ойлаймын» деп жауап берді.  

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:  

Екі есе жалақыны өсіру бойынша біз тапсырманы алдық. Осы тапсырмамен қазір жұмыс істейтін боламыз. Нақты қалай болады, қашан болады, қай мезгілде екендігі жайлы, надбавка бойынша, үстемақы бойынша нақты ақпаратты кейінірек береміз.

Бас мұғалім балабақшаға балаларды жақында үш емес, екі жастан қабылдай бастайтынын да хабарлады. Ал алты жастағылар бұрын мамырға дейін тәрбиеленсе, енді ол уақыт тамызға дейін созылмақ. Министрдің Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматқа көшіру жоспары да бар.   

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев "тұрғыны аз ауылдардағы мектептерді негізсіз жаппаңдар" дегенді де айтты. Себебі көп елді-мекендер әлі мектептер үшін ғана статусын сақтап отырғаны жасырын емес. Сондықтан ауыл -бастапқы білімнің бесігі болып қала береді. Алайда мына тұрған жоғары технологиялы өнімдердің әлі ауылдарға бара қоймағаны жасырын емес.

А. Сейфулла