Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысындағы лагерьдің бірінде балаларды тепкілеп "тәрбиелеген"

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2019
  • 4249

Түркістан облысында жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларды тәрбиеші тепкілеп «тәрбиелеген». Кешелі бері ғаламторды дүр сілкіндірген видеода қыз бала аузына келгенін айтып қоқан-лоққы жасап, ұрғанымен қоймай, ұлдарды теуіп те жүр. Болған жәйтке жүрегі шыдамаған ата-аналары баласын лагерьден алып кетіп жатыр. Оқиға Төлеби ауданында болды. Орын алған жайтқа не себеп? Әріптесім Айзада Төребекқызы анықтауға тырысты. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Ғаламторды шулатқан бейнежазба түсірілген лагерь - осы. «Сұңқар» жазғы сауықтыру демалыс орны Біркөлік ауылында орналасқан. Алайда жекеменшік нысанның сыртқы қақпасы тарс жабық. Ішке ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Тіпті әкімдік өкілдері мен полицейлердің өзі сыртта сағаттап күтіп тұр.

Күзетшілер лагерь басшысы орнында жоқ деп табалдырықтан аттатпады. Нысанды торуылдауға себеп болған жазба мынау: жасөсрімдерді лагерь тәрбиешісі шетінен «қырып» барады. Ұрып, қорқытып қана қоймай, аямай тепкілеп жүр. 

Бірақ мекеме басшысы кей ақпарат құралдарына видеодағы тәрбиеші қыздың лагерьге қатысы жоқ дейді. Алайда осындағы балалар оны төртінші топқа жетекшілік еткенін айтады.  

- Назерке деген осы жерде жұмыс істейтін апай ма?-Шығып кетті ол жұмыстан. -негізі жұмыс істейтін ба еді?- жұмыс істейтін. -кім болып? - Тәрбиеші.-Қай топтың тәрбиешісі болған?- Төртінші топ. +өзінің группасын ұрған ба?-жоқ. 1-топтың. 

Белгілі болғанындай, аталған лагерьде демалып жатқандар Түлкібас ауданының балалары. 18 млн теңгенің тендерін ұтып алған мекеме жазғы маусымда көпбалалы, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 830 баланы демалдыруды міндетіне алыпты. Бұл - соңғы маусым. Тамыздың 6-сы мен 17-сі аралығында 134 баланы қабылдаған. Алайда қайтуға екі күн қалғанда мынадай шу шығып отыр. Ата-аналар кешелі-бері ұл-қызын әкетіп жатыр.  

Ерлан ӘБУБӘКІРОВ, ТУЫСЫ: 

Қанағаттанбағаннан кейін ғой шығайын деп жатқаны төрт бала. Екі балаға келгем. Екеуі алып кет мені деп жатыр. Қазір барып арыз жазамыз, РОВД-ға барып арыз жазамыз. -Қандай шараға дейін барасыздар? - Не шара бар бәріне барамыз, ол кісіні табамыз. Ал ұрған тәрбиеші больницада жатыр дейді. Оны қазір прокуратураға алып келеміз деді, суықтап қапты. «Ұрып» суықтап қапты.

Араға үш-төрт сағат салып қана ішке тек полиция өкілі мен психолог жіберілді. Олар ұжым қызметкерлерімен және балалармен тілдесіп шықты.  

Зарина КҮЛЖАН, ПСИХОЛОГ: 

Балдарда қорқыныш, ешқандай үрей сезім байқаған жоқпын, қалыптаспаған. Қазіргі таңда балалардың көңілі қанағатанарлық бірқалыпты. Яғни көңіл-күйлері төмен түспеген. Өздерін жақсы сезінуде. Болған жәйтті ойын есебінде қабылдаған бәрі.

Серік ДАУЫТБЕКОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ТЕРГЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі таңда ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қыз қазір міндеттемемен іс бойынша сот сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына қарай оған қатысты шешім қабылданады. -Ол қыз қазір жұмыста ма, үйде ме, қайда?- Қазіргі уақытта ол жұмысында жоқ.

Айта кетейін, аталған лагерь биылдан бастап қана іске қосылған. Бұған дейін қатардағы демалыс аймағының бірі болыпты. Енді Түлкібас ауданының депуттатары аталған демалыс орынын қара тізімге жіберуді талап етпекші.   

А. Төребекқызы