Русский Сайттың толық нұсқасы

Әл-Фараби даңғылына бұрынғы жылдамдық режимі қайтарылды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2019
  • 3217

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автожолында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге қайта рұқсат берілді. Қала тұрғындары мен қоғамдық кеңес тарапынан толассыз түскен арыз-шағымдардан кейін әкімдік осындай шешім шығарыпты. Оның үстіне, жылдамдық төмендетілгелі апат саны да азаймаған көрінеді. Қайта 13,7 пайызға өскен деп отыр, әкімдік пен полиция департаментіндегілер. Ал Бас прокуратураның статистикасы басқа. Олар 7 айдың ішінде автокөліктің жаяу жүргіншілерді қағып кетуі 1,5 есе азайған дейді. Дегенмен кейбір әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл жаңалыққа аса қуана қоймаған секілді. 

- Әл-Фарабидің бойымен, Жароковтан орталыққа қатынап жүргеніме он жылдан асты. Қанға боялған асфальт, күл-талқаны шыққан көліктің азайғаны сол еді. Бәрі қайтадан басталды. Енді бұрынғыдай темір қоршауға емес, жаңадан отырғызылған шыршаға соғылатын шығар? Бәлкім бұрынғыдай күл-паршасы шықпайтын шығар? Дегенмен бір сәттік рахат үшін үлкен құрбандыққа барудың қажеті қанша? Сөзім жоқ. 

- Сағынтаев Әл-Фарабидегі жылдамдықты 80 шақырымға арттырыпты. Одан да доллардың бағасын 150 теңге қылса ғой... 

- Егер қаланың қауіпсіздігі туралы сөз қозғасақ, жылдамдық неғұрлым төмен болған сайын жол апатының зардабы да төмендей береді. Тіпті жаяу жүргіншілерді көрген кезде де көлікті тоқтату оңай. Біздің адамдар көлікті дұрыс жүргізе алмайды. Тең жарымы жүргізуші куәлігін сатып алған десем қателеспегенім. Сағатына 89 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келе жатып соқтығысқанда аман қалудың өз екіталай 

- Алматы қаласының әкімдігі, «браво»)) Осы бағыттан таймаңыздар. 

Д. Қайыртай