Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты. Президенттің жарлығымен Біржан Нұрымбетов Бердібек Сапарбаевтың креслосына жайғасты. Оның кандидатурасын мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті талқыға салған. Бұған дейін Біржан Нұрымбетов Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары қызметінде болды. Ал министрлікті соңғы рет жарты жыл басқарған Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Г. Меңдеева