Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктерді халыққа етене жақын болуға шақырды. Елдегі бас партия жаңғыртуды бастады. Бүгін "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Саяси ұйым төрағасы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу мәселесіне біржола нүкте қойды. Енді сайлау тек партиялық тізім бойынша 2021 жылы өтеді. Бірақ оған дайындықты бүгіннен бастауды тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтардың ядролық тобын қалыптастыру керек деді. Қарапайым сессияны пара беріп жабатын студенттер әрекетін де сынады. Журналистерге қысым көрсетіп жүрген шенеуніктерге де шүйлікті. Ақерке Бектастың репортажы.
Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ: Ортақ міндетті бөліп-жаруға негіз жоқ. Еселеп есеп бергенше, нақты мәселені шешу қажет. Халықтың сеніміне сөзбен емес, іспен кіретін кез жетті. Бас партия мен Үкіметке бірлесе жұмыс істеуді тапсырған Елбасы кеңесте қаралатын 3 міндетті айқындап берді. Әлемде алыптар айқасып жатқан тұрақсыздық кезеңінде мықты көшбасшысы мен мықты партия қажеттігін баса айтты. Ескі жүйеден арылып, фракция жұмысын қатаң қолға алуды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы да барлық сайлаудың конституциялық мерзімде өтетінін ескертті. Алдыңғы жүйені қайтаруды талап етіп, елді дүрліктірген блогерлер сөзі негізсіз, деді. Тәртіп пен билік жоқ жерде - проблема шешілмейтінін жеткізді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мы слышим отдельных оппонентов, блогеров, которые предлагают вернуться к мажоритарной системе проведения досрочных парламентских выборов и так далее. Надо этим выступлениям дать ответ. Обоснованных аргументов тут нет, только рассуждения, как всегда. Когда выступают с какой-то критикой власти - голые слова. Хоть кто-нибудь что-нибудь предложил бы и показал.
Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтардың ядролық тобын қалыптастыруды тапсырды. Саяси ұйым туын жыртқанда үндемейтін емес, мүддесін қорғап, әділдікті талап ететіндерді партия қатарына шақырды. Сондай-ақ биліктен «бер, бер» деп алақан жаятындардың әрекетін сынға алды.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жұмыс істеңдер. Мемлекеттің қаражатын жинайтын - ел, халық. Халық жұмыс істемесе, мемлекеттің ақшасы болмайды. Қаржы болмаса, нені береміз?!
Бұдан былай партияны жаңғыртуда жемқорлықты жоюға да басымдық берілмек. Партия төрағасы қарапайым сессияны пара беріп жабатын студенттерді мысалға алды. Жиырма жылдап жылы орнын босатпайтын ректорлар мәселесін министр Асхат Аймағамбетовке тапсырды.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Көрдік қой кезінде баласын оқуға жіберген кезде, ауылдан артынан соғым келеді. Түскен кезде тағы жібереді. Ай сайын жіберіп отырады. Әлі күнге дейін бәріміз сонымен жүріп келе жатырмыз бәріміз. Ректорлармен жұмыс істеу керек. 10, 20 жылдап отырған ректорлар бар. Қайда Білім министрі? Сен соның бәрін қара!!!
Нұрсұлтан Назарбаев журналистерді қорқытып, материалын шығартпайтын шенеуніктерге шүйлікті. Редакторларға қысым жасауды тоқтатуды талап етті.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
А сейчас телефонное право - пугают редакторов - если ты это сделаешь, я через того, другого, тебя сниму с работы. Сейчас я поручу - еще один случай, мы снимем с работы, кто бы ты ни был, на какой должности
«Nur Otan»-ды жаңғыртудың жаңа әдісін саяси кеңесте сөз алған Айнұр Бақтығалиева да ұсынды. Кәсіпкер бюрократиядан түбегейлі бас тартып, бастауыш партияға еркіндік беруді сұрады.
Айнұр БАҚТЫҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сөйлеген сөзімде бірнеше мәселені көтердім. Әсіресе, бастауыш партиялардың өздігінше жұмыс істеуіне, ұсыныс айтып, халықпен байланыс орнатуына мүмкіндік беруді айттым.
Ал мәжілісмен Нұржан Әлтаев партияның халыққа етене жақын болуын құптайды. Өйткені кезінде партияның алғашқы «онлайн қоғамдық қабылдауын» өзі ашқан.
Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Елбасы партияны жаңғыртудың негізгі тетіктерін ұсынды. Өзекті проблемаларды көтерді. Қазіргі цифрлық кезеңде халықпен тығыс байланыс орнату қиынға түспейді. Тек белсенді азаматтарды тарту қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев адам күшін робот алмастырып жатқанда жасанды интеллектен алыстамауды міндеттеді. Бұл тұста Ақкөл ауылын смарт жүйеге қосу жұмысының ұмытылып кеткенін сынға алды. Әлемдік трендтен партия да қалыспау қажеттігін айтты.
А. Бектас