Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпбалалы аналар енді үйде отырып-ақ кәсіпкер атана алады

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2019
  • 4884

Бүгін Алматылық көп балалы аналар бет әрлеу, тігіншілік, қолөнер сабақтарын оқи бастады. Курсты өз ісінің мамандары тегін жүргізбек. Нәзік жандыларға бұл мүмкіндікті «Іскер ана» қайырымдылық жобасы мен «Жас Отан» жастар қанаты беріп отыр.

Көпбалалы ана Рәзия Бахибекованың кәмелет жасына толмаған төрт перзенті бар. Келіншектің негізгі мамандығы - заңгер. Тұрмыс құрғалы қызметін тастап, үйде баламен отырған ол «Isker ana» жобасы жайлы әлеуметтік желіден көріп келген.

Рәзия БАХИБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Біз енді баламен отығаннан кейін әр нәрсемен айналысқымыз келеді. Бір күні көрпе тіккіміз келеді. Бір күні макияж. Мұндай тез әрі өте жылдам өтетін курстар бізге керек. мен өзім тігіншіге келіп отырмын.

Біліктілігін жетілдіруге келген жалғыз Рәзия емес. Алғашқы сабақты 40-қа жуық ана бастады. Бірі бет әрлеуді үйреніп, енді бірі кәсіби тігінші атануға дайын. Олар макияж жасау курсын нәбәрі бір аптада аяқтаса, тігіс тігуді бір-ақ айда үйреніп шығады. Сабақты өз ісінің мамандары тегін өткізіп отыр.  

Мади АХМЕТОВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Курсты үздік оқып, өз ісін ашамын немесе осы істі ары қарай жалғастырамын деген аналарға біз арнайы жабдықтармен қамтамасыз ететін боламыз. Курсқа жазылу үшін қағаз толтырудың еш қажеті жоқ, әлеуметтік желі арқылы комментарий қалдырған адамға біз хабарласып отырмыз.

Енді «Жас Отан» жастар қанаты курс сабақтарына тағы бірнеше мамандық түрлерін қоспақ.  

Ә. Лесбек