Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалпықазақстандық бренд құру керек, - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2019
  • 3263

Жалпықазақстандық бренд құру керек. Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған президент Үкіметке осындай тапсырма берді. Ол 2 айда дайын болуы тиіс. Елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елге жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты, бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет екенін айтты. Ол индустриализация жылдары біраз іс атқарылғанымен, экономика айтарлықтай қарқын алмай отырғанын атап өтті. Президент дайын өнім экспортын дамыту керектігін айтып, отандық өнім өндірушілерді ынталандыру жолдарын ұсынды. Ал отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген 600 миллиардтың 62 млрд ғана берілген. Президент бұған бюрократиялық кедергілер әсер етіп отырғанын сынға алды.