Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетімдіктің қорлығы: Рудныйдағы былықтың беті ашылды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2019
  • 5380

Жетімдіктің қорлығы қорлығы! Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршіндер үйін тексерген комиссия жаға ұстап отыр. Қостанай облысының Рудный қаласындағы мүгедек және жетім балалар үйінде физиологиялық әрі психиологиялық ауытқуы бар балалар жағдайы жантүршігерлік. Балалар қараусыз келгені былай тұрсын, оларды атымен де атамаған. Бұл фактілерді "Nur Otan" партиясы жанындағы республикалық балалар құқығын қорғауды сараптау тобы анықтады. Бақытсыз балалық шақ жайында Нұрсұлтан Біләл баяндайды. 

- А вы гулять выводите?    

- Нет. Эти дети не гуляют.

- Почему?

"Неге" деген сан сауалға бұл мекеменің бір де бір маманы мардымды жауап қатпады. Қостанай облысы Рудный қаласындағы жетімдер үйіне ескертусіз келген комиссия мүшелері талай заң бұзушылықтарды анықтаған. Ерекше балаларға көрсетіліп жатқан жауыздық жантүршігерлік. Бірнеше күндеп өз нәжісі мен запыранында жатқан бүлдіршіндерді қызметкерлер атымен емес, нөмірмен атап келген.

Динара ЗӘКИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұзақ қозғалыссыз жатып қалған бір мүгедек баланың терісі тесіліп қалған. Біздің көзімізше бүлдіршіндерді олар аты-жөнімен емес, нөмірмен атап жүрді. Бұл сұмдықтың барлығы балаларға деген қарым-қатынастын жауыз түрі. Олар өздерін қорғай алмайды, кей баланың психологиялық ауытқуы бар.  

Елде денсаулығында ақауы бар 4 жасқа дейінгі бөбектердің бір мың жарымнан астамы жыл сайын жетімдер үйіне жіберіледі. Рудныйдағы мұндай мекемеде мүгедек балаларға арнайы күтім түгелі, оларды оңалтумен айналысатын мамандар жоқ. Мүлде болмаған да.  

Динара ЗӘКИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Мүгедек баланы оңалтуымен айналысатын дәрігер мәселесі шешімін таппай келеді. Арнайы топтарда әртүрлі диагноздармен, жүйке жүйесінің нашарлауымен жатқан балақайлар көп. Оларға арнайы ем-дом керек. Оны жасайтын маман қажет. Балалардың 30 пайызына шұғыл түрде әртүрлі деңгейде ем қажет. Мұның барлығын біле тұра мекеменің басшылары еш әрекетсіз отырады.

"Nur Otan" партиясы жанындағы Балалар құқықтарын қорғау кеңесі былығы ашылған мекемелер жұмысын назарда ұстамақ. Ал Рудныйда азап көріп келген балалар енді Қостанай қаласына ауыстыралатын болды. Ол үшін облыс әкімдігі арнайы ғимарат бөлуді тапсырған.  

Н. Біләл