Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде лифт жұмыстарының қызметі сын көтермейді

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2017
  • 3033

Елімізде лифтлердің қызметі сын көтермейді. Бұл мәселе "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Жедел саты қызметтері мен сапасына арналған "Лифтілер мамандары одағымен" үкіметтік емес стандарттар дайындалып жатыр. Халық үшін бұл құжаттың қаншалықты пайдасы бар? Жалғыз ғана елордада қыруар қаржыны талап ететін,  істен шыққан лифтілерді келешекте кім жөндемек? Тілшіміз Диана Сапарқызы біліп көрді.

Диана Сапарқызы,  тілші:

2012 жылы Қазақстан заңнамасына өзгертулер енгізіп, нәтижесінде лифтіні монтаждауға және қызмет көрсетуге лицензия беру аланып тасталған. Осының салдарынан елімізде қазір лифт жабдығын монтаждау мен техникалық қызмет көрсету саласында келеңсіз жағдайлар орын алып жатыр.

Лифтілерді алып келуші компаниялардың басым көпшілігі арнайы сертификация мен тіркеуден өтпеген. Сол себепті түрлі келеңсіз жағдайлар орын алатын көрінеді. Лифт мамандары одағының президенті Нұрлан Кенжебаев мұндай келеңсіздікпен күреспесек, бақытсыз жағдайлардың орын алуын тоқтату қиын дейді.

Нұрлан Кенжебаев, Лифт мамандары одағының президенті:

Егер лифтіні қазір орнатсаңыз, екі жылдан кейін оның адамдарын таба алмайсыз. Адамдары жарайды. Енді біз кей зауыттарға барып сұраймыз ғой. Мынау Қазақстанда екі-үш лифт тұр. Оны ремонттауымыз керек. Ол зауыттар үлкен компаниялар 10-15 мың лифт шығарады. Кейін бізге жауап бере алмайды. Сендерге лифт сатқан жоқпыз. Қайдан алдыңдар, сол жаққа бара беріңдер.

Бүгінде Лифт мамандарының одағына 3 қауымдастық, 50-ге тарта лифт компаниялары кіреді. Қазақстан бойынша 100-ден астам компания қарастырылу және шешім қабылдау денгейінде тұр. Одақ басшылығы қазір лифтілер мен эскалаторларды қолдану ережелері мен жабдықтарға, сервистік қызмет пен орнатуға қойылатын талаптардың стандарты дайындалып жатқанын айтты.

Нұрлан Кенжебаев, Лифт мамандары одағының президенті:

Қазір Алматыда 5-6 түрік лифтілері тұр. Түбін таба алмаймыз. Программирование таба алмаймыз. Сондай жағдайлар тумас үшін қазір неправительственный стандарт бойынша ішіне енгізіп отырмыз. Енді ол жұмыстың басы. Ойлаймын, енді әкімшілк қолдап, жаңағы нелерімізді береді деп.

Астананың тұрғын үйлерінде 4000-нан астам лифтілер қызмет көрсетеді. Оның ішінде жүргіншілер мен жүк таситын көтергіштер де бар. 2011 жылдан бері 60-қа жуық лифт ауыстырылған. Қазір 63 лифті қолданысқа жарамай тұр. Оларды 2020 жылға дейін  аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауысу көзделген

Ринат Сағнаев, Астана қаласы тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы:

Өкінішке орай, ешқандай компания лифтінің қызметіне кепілдік бермейді. Үй салған кезде, көбінесе құрылыс компаниялары құжаттары жоқ лифтілерді қояды. Біз өз тарапымыздан ол құжаттарды талап етуге тысырамыз олардан. Жаңа тұрғын үй кешендерінің компаниялары өз лифтілерін бізге келіп тіркейді. Алайда көп компания бұл заңдылықты ұстай бермейді. Ол рас.

Диана Сапарқызы, тілші:

Ал атқамінерлердің айтуынша, тіркеусіз қалған лифтілердің қызметі мен істен шықандығына тұрғындардың өздері жауапты болып тұр. Осыған байланысты әр үйдің пәтер иелері коперативі осы лифтіні орнатып берген компаниямен келісімшарқа отыру қажет. Сонда ғана сол келісімшарт негізінде, лифт істен шыққан жағдайда, компаниядан қызмет сапасы мен техникалық жағдайда істен шыққандығын талап ете алады.