Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйдағы жетімдерге көрсетілген қорлық үшін жауаптылар жазасыз қалмайды - Б. Байбек

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2019
  • 2347

Рудный қаласында мүмкіндігі шектеулі жетім балаларға көрсетілген жауыздыққа кінәлілер қатаң жауапқа тартылады. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қостанай облысының әкімі Мұхамбетовпен хабарластым. Қатаң шара қолданылатын болады. Бұдан бөлек жақын арада балалар Қостанай қаласындағы мекемеге ауыстырылады. Жалпы "Nur Otan" партиясы жанындағы республикалық балалар құқықтарын қорғау кеңесінің жұмыс сапары барысында барлық балалар үйіне сараптама жүргізілді. Жүйелі түрде қайталанатын проблемалардың басы ашылды. Қордаланған мәселелерді заң шеңберінде шешу үшін партия фракциясы бірқатар жұмыстарды атқаратын болады.  

Рудныйдағы жетім әрі мүгедек балалар үйінде болған бірқатар былықтың беті ашылған еді. Бірнеше күндеп өз нәжісі мен запыранында жатқан бүлдіршіндерді қызметкерлер атымен емес, нөмірмен атап келгені әшкере болған еді.

Н. Біләл