Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттен шағын несие алған кәсіпкерлер өндіріс қарқынын кеңейтті

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2019
  • 3123

Елде мемлекеттік бағдарламамен несие алған кәсіпкерлер өндіріс қарқынын кеңейтіп жатыр. Бүгінде олар жаңа жұмыс орындарын ашып, өнімдерін шетелге экспорттай бастаған. Толығырақ тілші репортажында. 

Кәсіпорын алдымен шетелден жиһаз тасумен айналысқан. Араға уақыт салып, тұрмыстық бұйымды өздері жөндеуге кіріседі. Кейін оны құрастырып шығаруды қолға алған. Кәсіпті өркендетуге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының пайдасы тиіпті. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқылы субсидия алған.  

Дмитрий ПШЕНИЧНЫЙ, КӘСІПКЕР: 

Несиені жеңілдікпен 5-6 процентке алдық әрі ешқандай комиссиясы жоқ. Бұл - біз үшін үлкен көмек. Осы ақшаға аумағы 11 мың шаршы метрді құрайтын фабриканы салдық. Қазір екінші фабриканың құрылысына кірістік. Жалпы алғанда жыл сайын өндіріс көлемін 20 процентке көбейтіп жатырмыз.

Қазір компания өнімін елден бөлек, Қырғызстан, Армения мен Ресейге шығарып отыр. Былтырдан бері экспортқа күш салып, тауар түрлерін көбейтті. Қазір өндіріс цехтарында 350 адам жұмыс істейді. Ал керекулік Серік Сүлейменов ата кәсіптің өміршеңдігін жоғалтпай келеді. Ол мемлекеттен алған қаражатқа ұсақ мал сатып алған. Кейіннен шаруашылығын кеңейтіп, оны қазақтың асыл тұқымды ақ басын сиырына алмастырды.  

Серік СҮЛЕЙМЕНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Бірінші әкелгеніміз асыл тұқымды қой, қозылар болды. Тарбағатай ауданы Шығыс Қазақстан облысы. 3000 мың қозы әкеліп, содан 3 жылдан кейін жанағы алған несиелердің барлығы төленді қайтарылды, 35 млн. 2009 жылдан бері ірі қара малмен айналысамыз.

Шаруа қожалығындағы сиыр саны қазір 1200-ден асады. Кәсіпкер 30-дан аса адамды тұрақты жұмыспен де қамтыған. Бүгінде өнімдерін тек Павлодарда емес, елорда мен Алматы нарығына да жөнелтіп жатыр.  

А. Бектас