Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда хирургтер симпозиумы өтті

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2019
  • 2218

Қазақстан - жүрек, тыныс алу жүйесі ауруларынан көз жұматындар есебі бойынша алдыңғы орында. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Болатбек Қайыпов айтты. Осыған орай Ақтауда әлемнің жетекші хирургтары бас қосып, сырқатты асқындарап алмаудың жолдарын талқылады. Шараға Үндістан, Украина мен Ресей мамандары да шақырылған. Ауқымды іс-шара облыстық аурухананың ашылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Жер-жерден жиналған кардиохирургтар облыстық ауруханада бірнеше күрделі операция жасады. Оның барлығы аймақтағы медициналық мекемелерге онлайн көрсетілді.  

Болатбек ҚАЙЫПОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Жүрек-тыныс алу жүйесі бойынша өлім-жітім Республика аумағында алдыңғы орында келеді. Олардың алдын-алу үшін әлемдік тәжірибеге сүйенуіміз қажет. Озық технологияларға жүгінуіміз керек. Осы тектес конференцияның арқасында өзаратәжірибе жинап, көп нәрсені үйренеміз.

Дегенмен, отандық мамандар медицина саласы бойынша Украина көш ілгері екенін атап өтті. Олар қатерлі ісік, жүрек талмасы дер кезінде анықтау үшін озық технология мен тың тәсілдер қолданады. Қазақстан хирургтері енді сол жүйені меңгеруді мақсат етпек.   

Сәуле ӘБСЕЙІТОВА, «ҚАЗАҚСТАН КАРДИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ» БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ: 

Әлемдік ғылым күн сайын дамып жатыр. Біз содан қалыспай, тың технологияларды енгізіп, дәрігерлерге үйретуіміз қажет. Өзара және өзге де мемлекеттің мамандарымен тәжірибе алмасуымыз керек. Ең бастысы өз мамандарымыздың біліктілігін арттыру.

Кешенді шара барысында жергілікті хирургтер мен елордалық білікті мамандар бірлесіп күрделі ота жасады. Күре тамыры тарылып, ағзадағы қан айналымы нашарлаған науқастың жүрегіне жасалған операция бірнеше сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Қазір 45 жастағы азаматтың жағдайы жақсы -дейді дәрігерлер.  

Қайрат ТӨЛЕП, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ АНГИО-ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: 

Техникалық әдістеме өте күрделі. Мұндай жағдайда науқасты аман алып қалу немесе жүз пайыз кепілдік берудің өзі қиын. Алайда емдік шараны елордалық әріптесіміз Алексей Колесников жасады. Білікті маман бұған дейін осы тектес операцияларды сәтті аяқтап жүр.

30 жылдық тарихы бар облыстық аурухананың кардиохирургия орталығында кәсіби мамандар жұмыс істейді. Медициналық орталықта жылына мыңға жуық операция жасалады. Заманауи технологиялардың көмегімен емдік шаралардың басым бөлігі сәтті аяқталады,-дейді ақ халаттылар. 

З. Санай