Русский Сайттың толық нұсқасы

Кафе қожайыны құлдыққа түскендерге сексуальдық зорлық көрсеткен

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2019
  • 3214

Қостанай облысындағы құлдық оқиғасы бұрынғыдан да сорақы болып шықты. Жол бойындағы кафе қожайыны мен оның сыбайласы ер адамдарға да сексуалдық зорлық көрсеткен деген күдікке ілігіп отыр. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің мамандары хабарлады. Бұған дейін бостандығынан айырылған ер адамды шынжырмен байлап ұстап, кейін өлтіріп, өртегені мәлім болған еді. Сұмдық оқиға осыдан 3 жыл бұрын Меңдіқара ауданында болыпты. Полицейлердің айтуынша, бұл күдіктілер қылмысының бір парасы ғана. Бұған дейін қоғамдық қор өкілдері олардың бірнеше адамды жұмыс пен жезөкшелікке жеккенін мәлімдеді. 

Нұрлан АРЫСТАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Осы қылмысты тергеу кезінде қосымша 15 қылмыс анықталды. Оның ішінде адам өлтіру айтқандай. Адамға ауыр дене жарақатын келтіру. Бостандығынан айыру. Сексуальдық зомбылық көрсету қылмыстық істері бар. Қазіргі уақытта бүкілі аяқталып, сотқа жолданды.

З. Санай