Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйдағы атышулы жетімдер үйінің басшылығы жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2019
  • 4069

Рудныйдағы атышулы жетімдер үйі Қостанайға көшірілді. Мұны Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Президент аппараты жанындағы жұмыс тобының жетекшісі айтты. Ырысты Жұмабекованың айтуынша, балаларды айуандық жағдайда ұстаған жауаптылар жазаларын алды. Бұған дейін жетім әрі мүгедек бүлдіршіндердің бірнеше күндеп нәжіс пен запыранында жатқаны әшкереленді. Ал қызметкерлер қорғансыз бөбектерді атымен емес, нөмірмен атап келген. 

Рысты ЖҰМАБЕКОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АППАРАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Балалар үйінің басшылығы қызметтерінен босатылды. Әкімшілік жауапқа да тартылды. Жетімдер үйі Қостанайға көшірілді. Мұндай проблемаларды кейінге қалдырмай, тез арада шешкен дұрыс.

Ал Павлодар облысында балалар тәрбиесі ақсап тұр. «Nur Otan» филиалындағы жиында оқушылар арасында ерте жүктілік белең алғаны белгілі болды. Енді мектеп пен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. 

Ө. Қуанар