Русский Сайттың толық нұсқасы

Аягөздегі балалар орталығында тексеріс басталды

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2019
  • 2800

Прокуратура Аягөз қаласындағы балалар орталығын тексеруді бастады. Оған ғаламторда тәрбиеленушілердің өздері түсірген жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты бейнеролик себеп болған. Қазір орталықта психоневрологиялық ауытқуға шалдыққан жүзден астам бала бар. Солардың екеуі орталықтағы сұмдық жағдайды баяндап, бейнеролик жолдаған., ол ғаламтор арқылы тарады. Бұрынғы қызметкерлердің арызы бойынша, қылмыстық іс те қозғалды. Бес бала сот-медициналық сараптамадан өткізілді. Ресми ақпаратқа сәйкес олардың денесінен сексуальдық сипаттағы және жай жарақаттар анықталмаған. Алайда, кейбір сараптамалардың қорытындысы әлі дайын емес. {+СНХ: }

Әсем НҮСІПОВА, ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бірқатар сот-психологиялық сараптамалар жүргізілуде, олардың соңғысы 13 қыркүйекте дайын болады. Тергеу кезінде орталықтың директоры қызметінен шеттетілді. Сонымен қатар дер кезінде тиісті шаралар қолданбағаны үшін, облыс басшылығына ақпарат жеткізбегені үшін әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы, орынбасар қызметіне түсіп қалды.

Орталықта болған оқиғаның ақ-қарасын анықтауға үкіметтік емес ұйым өкілдері де атсалысуға дайын. Солардың бірі жасөспірімдердің зорлық-зомбылық мәселесімен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан - "Феникс" дамыту және бейімдеу орталығы. Орталық директоры Нәзигүл Ахметқалиева бейнероликті мұқият зерделеп, зорлық-зомбылық фактісін дәлелдеу қажет екенін алға тартты. Өйткені балалар сауалға жауап беру үшін әуелі не айту керектігін қайталап сұрайды. Бейімдеу орталығының директоры бейнероликті бұрын жұмыс істеген қызметкерлер басшылардан кек қайтару үшін түсіру мүмкін деген болжам айтты. Егер орталық қызметкерлері сұмдық жайтты біле тұрып, полицияға жүгінбеген болса онда олардың да ауыр қылмысқа қатысы бар болып шығуы мүмкін екенін жасырмады.

Нәзигүл АХМЕТҚАЛИЕВА, " ФЕНИКС "ДАМЫТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Бізге белгілісі балалар ұйымының, мекемесінің бұрынғы қызметкерінің бірі заңсыз жұмыстан босатылса немесе шығып қалса, бірден бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлайды. Ал психикалық дамуы тежелген, психикалық ауытқуы бар балалар орталығына келер болсақ мұндағыларға писхологиялық сараптама жасау қажет. Яғни арнайы маманның тұжырымы болуы керек. Өйткені мұндағы жеткіншектер не болғанын өздері нақты жеткізе алмайды. Олардың сөзі ғана сенуге болмайды.

Ғаламторда Аягөз қаласындағы балалар орталығы тәрбиеленушілерінің жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты бейнеролигі пайда болғаннан кейін, прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Қазір бұл жерде психоневрологиялық ауытқулары бар жүзден астам бала бар. Бұған дейін олардың екеуі бейне жазып, болған оқиға туралы баяндап берген болатын. Орталықтың бұрынғы қызметкерінің арызы бойынша қамқорлыққа алынушылар арасындағы жыныстық әрекет фактілері тіркеліп, қылмыстық іс қозғалып, бес бүлдіршін сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Ресми ақпарат бойынша дене жарақаттары, соның ішінде жыныстық сипаттағы жарақаттар анықталған жоқ. Алайда, кейбір сараптамалар әлі дайын емес. 

З. Санай