Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ заңсыз митингтердің жолын кеседі

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2019
  • 2078

Бүгін ондаған Алматы тұрғыны әкімдіктің алдындағы алаңға шықты. Маңғыстау облысына Қытай өнеркәсіп орындары көшіріледі деген қауесетке сенген халық қарсылық білдіріп, бас көтерді. Ал Үкімет өкілдері елде 55 зауыт салынбайтынын айтып, желіде жалған ақпарат тараған деді. Сыртқы істер министрлігі де ешқандай келісімшарттың жасалмағынан айтып отыр. Полиция кез келген заңсыз шеруге жол бермеуге бекініп отыр. Тілші толықтырады. 

Әлеуметтік желілерде елдің батысында Қытай зауыттары салынатыны туралы хабарлама жақында шыққан. Бұған алдымен Жаңаөзен тұрғындары қарсы шықты. Наразы топ қаланың қақ ортасында жиналып, шетел өнеркәсіптерін салуды тоқтату керек деді. Олардың алдына облыс әкімі дереу жетіп, шеруге шыққандардың уәжін тыңдады. Қытай зауыттары ел аумағында салынбайтынын жеткізді.

Жаңаөзен тұрғындарын алматылықтар қолдай кетті. Бүгін олар қала әкімдігінің жанындағы алаңға жиналды. Олар Қазақстан халқы жұмыссыз қалып қоя ма деп алаңдаушылық білдірген. Одан да өз кәсіпорындарымызды тұрғызып, дамытуымыз керек деп отыр. Сыртқы істер министрлігіндегілер тараған ақпаратты «жалған» деп жариялады.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

55 зауыт туралы бағдарлама болған емес және де жоқ. Бұл ақпаратты блогерлер немесе WhatsApp қолданушылары таратып отыр. Мұндай бағдарлама жоқ екенін, ескі зауыттарды ешкім көшірейін деп жатпағанын ресми түрде мәлімдеймін. 

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасында 55 бірлескен жоба бар. Оның жалпы құны 27 жарым миллиард долларды құрайды. Ол түрлі салада жүзеге асырылып жатыр, машинақұрастыру, агроөндіріс кешені мен мұнай-газ секторы. Бірақ бұл «зауыттарды көшіру» емес. Мұны Ішкі істер министрі де растады.

- Про 55 компаний у нас нет подтвержденных данных. Я не знаю почему…

Министр заңсыз қарсылық акцияларының жолы кесілетінін ескертті. Айтпақшы, осы даудан соң Жаңаөзен әкімі ауысты. Енді қаланы «Өзенмұнайгаз» компаниясы басшысының орынбасары болған Мақсат Ибағаров басқармақ.

Д. Қайыртай