Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық 49 мектеп бітіруші әкім грантын иеленді

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2019
  • 4738

Елордалық 49 мектеп бітіруші әкім грантын иеленді. Тиісті сертификатты қала басшы Алтай Көлгіновтің өзі табыстады. Биыл педагогикалық және техникалық мамандықтарға басымдылық беріліп отыр. Әкім гранты кімдерге бұйырды? Ол үшін бюджеттен қанша қаражат жұмсалды? Толығырақ тілші материалында.

Арайлым Аманбек әкім грантын иеленген 49 түлектің бірі. Арманы - тіс дәрігері атану. Дегенмен ҰБТ-дан қажетті балл бұйырмады. Ал бүгінгі сертификат бала арманыма бір табан жақын ете түсті, дейді. 

Арайлым АМАНБЕК, ӘКІМ ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Мен бұл грантты алғаннан кейін ата-анамның үмітін ақтап, жақсы маман иесі болып шығып, Қазақстанға пайдамды тигізгім келеді. Және де белгілі, білікті маман иесі болғым келеді. 

Биыл грант өтініш бергендердің барлығына табысталып отыр. Сондай-ақ оқуын жалғастыратын 138 студент үшін жергілікті бюджеттен 70 млн теңге бөлінді. 

Салтанат СТАНБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМ ТАҒАЙЫНДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Денсаулық саласына, информационная система дейді, педагогика саласына, сондай мамандықтарға түсіп отыр барлығы 49 бала. Бізде онда әр бала өзінің таңдаған мамандығы бойынша әрбір университетті өзі таңдап алады. Барлық университетті қамтығанбыз. 

Тиісті сертификатты қала басшыссы Алтай Көлгінов табыстады. Сондай-ақ бүгінгі күнде жастарға білімді де білікті мамандардың аса қажет екенін атап өтті. 

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Баратын ЖОО-на біз грантты мемлекеттің қолдауы ретінде береміз. Әсіресе, бұл іс-шара жастарды білімге шақыру. Тек біліммен ғана біз өзіміздің мамандығымыздың иегері бола аламыз. 

Айта кетсек, әкім гранты көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасының мүшелеріне табысталады. 

Ә. Өмірзақ