Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы металлургия зауытында 4 адам буға күйіп қалды

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2019
  • 3291

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі Металлургия зауытындағы төтенше жағдайды еңбек инспекторлары тексеретін болды. Конвертер цехында 4 адам буға күйіп қалды. Соған қарамастан компания жағдайды өндірістік апат емес, оқыс оқиға деп отыр. Болған жайттың анық - қанығын Айжан Қуаш біліп қайтты. 

Теміртаудағы Металлургия зауытының конвертер цехындағы оқыс оқиға кеше болған. ГРАФИКА: «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3-інші цехта 4 адамды ыстық бу шалған. ТІЛШІ. Салдарынан күйіп қалған 4 адам Теміртау қалалық ауруханасына жеткізілген. Жапа шеккендердің біреуі жарақат алған. Қазір екеуі үйде емделсе, тағы екі металлург облыстық травматология орталығында жатыр.

№3 конвертер цехында болған жарылыстан ыстық бу мен ауа лап берді. Салдарынан 4 жұмысшыны күйік шалды және жарақаттанды.  

«Арселор Миттал Теміртау» Баспасөз қызметі.

Ерлан ШОНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ҚЫЗМЕТІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Науқастардың жағдайы жақсы. 2-нші және 3-інші дәрежелі күйікпен түскен. Қажетті ем- шара жасадық. Қазір өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ қанша уақытта жазылатындар әр ағзаның ерекшелігіне байланысты. Дегенмен толық жазылған соң жұмыстарын жалғастыруға болады.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Арселор Миттал Теміртау компаниясы, конвертер цехында болған жағдайды апат қатарына қоспаған. Оқыс оқиға деп санайды. Мән- жайды енді еңбек инспекторлары анықтайтын болды. Ендеше оқыс оқиғаға кінәлі кім және өндірісте жапа шеккен металлургтерге өтемақы төлене ме, жоқ па? Ол жағы әзір белгісіз.

Металлургия зауытының жұмыскерлері болса, болған жайтқа қатыстты қандай да бір ақпарат беруге құлықсыз.  

 - Ожоги что ли? Не знаю. Не скажу. Ничего не знаю.  

- Я ничего не слышала.

Бұрынғы металлург, қазір өндіріс тақырыбында сараптамалық мақалалар жазып жүрген журналист Олег Гусевтің айтуынша, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясында ақпарат таратуға тыйым салынған. Сондықтан ондағы төтенше оқиғалар туралы көпшілік біле бермейді. 

Олег ГУСЕВ, БҰРЫНҒЫ МЕТАЛЛУРГ, ЖУРНАЛИСТ: 

Қазір барлық жұмыскерлер өндірісте болған апаттар туралы бейне жазба, не ақпарат таратпау туралы келісім-шартқа қол қояды. Сондықтан төтенше жағдайлар туралы көпшілік білмей қалады. Ал, тыйым салынған әрекетке барғандар жұмыстан қуылады.

Айтпақшы, Металлургия зауытының аталған цехында бұдан бұрын да бірнеше рет апат болған. Бірде газ құбыры жарылса, енді бірде жөндеу кезінде техникалары істен шықты. Бұл жолғы оқыс жағдайда зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесі еңбек инспекторларының тексеруінен кейін белгілі болмақ. Әдетте жапа шеккендерге жұмыс берушінің кінәсі дәлелденсе ғана төленеді.

А. Қуаш