Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды әкімдігінің қызметкері атаулы әлеуметтік көмекті алуы тиіс 10 отбасының ақшасын өз қалтасына басқан

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2019
  • 2366

Талан-таражға түскен атаулы әлеуметтік көмек. Бұл жолы Қарағанды әкімдігінің қызметкері 10 отбасының ақшасын өз қалтасына басқаны анықталды. Ол ақшалай көмекті алуға өтініш білдіргендердің реквезиттерінің орнына өзінікін жазып отырған. Жалпы сумма 1 млн 600 мың теңгені құрады. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Дегенмен үкім сотталушының қызы 14 жасқа толған соң, яғни 5 жылдан кейін ғана күшіне енеді. 

Данияр БИҒАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ БІРІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

3 жылға бас бостандығынан айырылған «Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі секторының бас маманы Ж. Смағұлова. Сондай-ақ Түркістан және Ақмола облыстарында әлеуметтік көмекті алуға көмектесіп, 10-15 пайызын өзіне алып отырғандар да анықталды.  

Парақорлықпен шабақтар ғана емес, шортандар да қолға түскен. Бауырымен бірге бюджетке қол салды деп айыпталған бұрынғы білдей облыс әкімінің орынбасары қатаң жазадан құтылып кеткені белгілі болды. {СНХ2} 

Данияр БИҒАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БІРІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:  

Ж.Әбішев заңмен белгіленген тыйымға қарамастан, өзінің бауыры Е. Әбішев арқылы кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол өз кезегінде бюджеттен 101 млн теңге ұрлаған. Дегенмен ағайындылар тиісті қаражатты қайтарды. Сондықтан сот бұрынғы әкім орынбасарына 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Және ол енді мемлекеттік қызметтен аластатылды. Ал бауыры шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ә. Өмірзақ