Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент 55 зауытқа қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2019
  • 3276

Қазақстанда өлім жазасынан біржола бас тартып, жерді сатуға тыйым салу ұсынылып отыр. Ол шетелдіктер тұрмақ, өз азаматтарымызға да сатылмау қажет. Әрі зейнет жасы төмендетілуі тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында осындай ұсыныстар айтылды. Саясаткерлер, құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері 2 сағатқа жуық елдегі өзекті мәселелерді талқыға салды. Тілші репортажы.

Қазақстанда шетелдік зауыттар қаптайды деген - қауесет. Президент жұртты көшеге шығарған мәселеге қатысты пікірін білдірді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Подобного рода слухи исходят от недоброжелателей, которые умело манипулируют патриотическими настроениями людей, в том числе используют эмоциональных, эпатажных людей. Чтобы достичь своих определенных целей. Надо понимать, что такая манипуляция – часть геополитики, цель которой подорвать единство народа, дестабилизировать ситуацию в Казахстане . Наш народ настолько мудр и способен жить своим умом. 

Ал Рахым Ошақбаев зейнетақы жүйесін өзгертуді ұсынып отыр. Халық оған табысы төмен болғандықтан сенім білдірмейді, дейді. Оның үстіне елде жұмыс істейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғана зейнетақы жарнасын жинайды. Тіпті олардың жартысында әлі миллион теңге де жоқ. 

Рахым ОШАҚБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты кіріс тек 0,09%-ды құрады. Бұл сан мені қатты толқытты. БЖЗҚ-ның алып отырғаны көп. Олар бір жылда зейнетақы активтерін басқармай отырып, оны басқарғаны үшін 45 млрд. теңге мөлшерінде комиссия алады.

Ол халықтың көкейінде жүрген жерге қатысты мәселені көтерді. Жер шетелдіктерге жалға да берілмесін, тіпті оны өз азаматтарымызға да сатудың қажеті жоқ, дейді. Ал Айдос Сарым елдегі бір емес, 5 заңды ырыққа көнсе, қайта жазып шығу қажеттігін айтады. Бастысы елдегі митингтің сипатын заңмен белгілеп қойған жөн деп пікір білдірді.  

Айдос САРЫМ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Митингілер туралы заңда алдымен азаматтардың өз ойын айту құқықтарын қамтамасыз ету керек....

Ал адвокат Айман Омарова жала жабу бабын қылмыстық кодекстен алып тастауды ұсынып отыр. Елде мұндай қылмыс жасағандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

Марат ШИБҰТОВ, САЯСАТТАНУШЫ:  

Парламент туралы, саяси партиялар мен бейбіт шерулер туралы 5 заңды қайта жазып шығу қажет, деді. Әр заң бойынша жұмыс тобын құрамыз.

Сонымен Ұлттық сенім кеңесінің 44 мүшесі 3 жұмыс тобын құрды. Олар экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени сұрақтарға қатысты. Қоғамдық кеңес бұл жұмысқа аймақтарды да тартпақ. "Бұл халықтың билікпен ашық диалогын қалыптастырады",- дейді Саясат Нұрбек.  

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Мемлекеттік органдар көрмейтін негізгі сыни мәселелер бар. Сондықтан міндет пен тапсырма көп. Мәселен, алдағы уақытта да өзекті тақырыпқа айналатын медициналық сақтандыруға қатысты мәселе. Біз бұл туралы бүгін Президентке ашық айттық.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелерінің бірқатар ұсынысын құптады. Бірақ реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмеу қажет, деді. Айтуынша, мұндай жол елді дағдарысқа апарады. Әлеуметтік саясатты да өзгертетін кез жетті. Ал билік халықты тыңдай білуі тиіс. Оның пікірінше, елде басқарудың президенттік формасы болуы керек. Дегенмен, парламенттің де рөлін күшейтуді міндеттеді. Әрі бұл мәселені ұлттық кеңеспен бірлесіп шешудің маңызы зор екенін атап өтті. 

А. Бектас