Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жерлеу рәсімдерінің бағасы тұрақталды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2017
  • 4182

Ақтөбеде жерлеу рәсімдерінің бағасы тұрақталды. Енді облыс орталығына қарасты ауылдық округтердің тұрғындары бір адамды жерлеу үшін 30 мың төлейді. Ал шаһардағы зираттарда бұл баға 80 мың теңге болып бекітілді.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбенің іргесіндегі Қурайлы ауылында зиратқа қызмет көрсететін серіктестіктің марқұмды жерлеу үшін 100 мың теңгеден аса қаржы талап еткенін айтқанбыз. Тұрғындар мұнымен келіспей, наразылық танытты. Мәселеге қала басшылығы араласып, тұрғындармен бірнеше мәрте кездесу ұйымдастырды. Қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың сөзінше, шаһар аумағындағы 50 зиратқа бір серіктестік қана қызмет көрсетеді. Олар қорым айналасын қоршап, күтіп ұстау міндетін де орындауы керек.

Нағымжан Алдияров, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

Қурайлы мәселесі бойынша бірнеше кездесу мәселелерін жүргіздік. Түсіндіру бойынша, заңды ретке келтіру бойынша түсіндіріп айтылды. Еш жерде тіркелмеген ұйымдар бөліп алып, өздері 25 мыңнан жоғары қояды, қалада 50 мыңнан 200 мыңға дейін кез-келген бағаны қойып, жерлеп жүрген болса, қазір оны реттеу мақсатында бір жолға келтіреміз. Ол бойынша әр зиратттың алдына хабарлама ілінген.

Асхат Өтешев, жерлеу рәсімін өткізетін серіктестіктің өкілі:

Қурайлыдағы зират бойынша бағаны келістік. Ол жерде 30 мың теңге. Бұл арнайы бекітілген тариф. Барлық ауылдық округтер бойынша да осы бір баға.