Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазпошта» арқылы салықты комиссиясыз төлеуге болады

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2019
  • 2685

Жер және мүлік салығын төлеу мерзімі 1-ші қазан күні аяқталады. Ал көлік салығы жыл соңына дейін төленуі тиіс. Кешіккендерге айыппұл салынады. Осылай деген «Қазпошта» қызметкерлері қазақстандықтарды тездетіп төлем жасауға шақырды. Мекеме тұтынушыларға бірнеше қызметті комиссиясыз ұсынып отыр.

Мария Сексенбаева - «Қазпоштаның» тұрақты тұтынушысы. Ол 5 жылдан бері коммуналдық қызмет, медициналық сақтандыру, мүлік салығы сынды қаржылық төлемдерді үнемі осы жерден төлейді. Айтуынша, пошта ұсынатын қызметтер қолжетімді.

Мария СЕКСЕНБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен алдында білмейтін едім. Әрбір жерде төлей беретін едім. Осында төлейтініміз - уақытында налогтарым түседі. И комиссиясы көп емес. Сосын келгенде істеген қыздар да маған бәрін айтып, түсіндіріп береді» 

Мұнда кезек күткісі келмейтіндер үшін де жағдай қарастырылған. post.kz порталы арқылы онлайн төлем жасауға болады. Қала берді, арнайы терминал желісі де жұмыс істеп тұр.

Жадыра САХАНОВА, №10 ПОШТА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Күніне бізге 600-700 ден астам адам келеді. Соларға қызметтер көрсетеміз. Оның ішінде 300-400 адам тек қана налог төлейді.

"Қазпошта" арқылы зейнетақы, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын, әлеуметтік, коммуналдық және басқа да  төлемдерді комиссиясыз төлеу қарастырылған. Мекеме айыппұл төлемдерін де қабылдайды. Алайда, пошта тұтынушыларды оған жеткізбеуге шақырды.  

Алина ЖАНҚҰЛОВА, "ҚАЗПОШТА" АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ-КАРТОЧКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Егер сіздің атыңызда ҚР-ның аумағында тіркелген үй, ғимарат, саяжай, гараж немесе басқа да нысандар бар болса, онда 1 қазанға дейін салық төлеп үлгеріңіз дер едім. Сонымен қатар, жыл соңына да жақындап келеді. 31 желтоқсанға дейін көлік салығынан да құтылған абзал. Себебі, оның айыппұлы мен өсімі қомақты.

Ел аумағында «Қазпоштаның» 3 500-ден аса бөлімшесі қазақстандықтар үшін қызмет етеді.

А. Мүтәлі