Астаналық
ардагерлерге Жеңіс күніне орай бір миллион теңгеден сыйақы беріледі. Елордада
өткен республика ардагерлерінің 7-ші съезінде бұл туралы шаһардағы ардагерлер
кеңесінің басшысы айтты.
Жиынға өңірлерден 100-ден астам делегат қатысты.
Съезд бес жылда бір өтеді. Бүгінгі
отырыста атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар пысықталды.
Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер
кеңесі 20-дан астам шара өткізгені белгілі. Бүгін елімізде 3 миллионға жуық
майдангер бар. Олардың 172-сі Астанада тұрады.
Сансызбай
Есілов, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Жеңіс
күні қарсаңында әкімнің ұсынысымен, әкімнің шешімімен соғыс ардагерлеріне 1 миллионннан бюджеттен
көмек ретінде қаржы бөлінді. Осы сәуір айының аяғына дейін шоттарына түседі.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА