Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмыссыз жүрген жастар саны 81 мыңнан астам

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2019
  • 5043

Дипломы бар жастар неге қара жұмысқа жегілген? Ел аумағында екі қолға бір күрек таппаған 81 мыңнан астам жас тіркеуде тұр. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында. Кейінгі орында Алматы мен Қарағанды облыстары. Жұмыссыздыққа не себеп? Әлішер Өмірзақ жауап іздеп көрді. 

Талғат Әлімқұловтың негізі мамандығы мұғалім. Жоғары оқу орнын тәмамдаған. Бірақ ұстаз болып тапқан қаржым жыртығыма жамау болмады дейді. Сондықтан құрылысқа келген.   

Талғат ӘЛІМҚҰЛОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ:  

Мұғалім мамандығын бітіргенмін, 3 жылдай болды. 2020 бағдарламасымен жұмыс істеп көрдім. Айлығы енді аз, 52 мың өзіңе де жетпей кетеді. Енді қазір осы құрылыста жұмыс істеп жатырмын, қиын болса да. За то 300 мың теңгедей айлық. + Мұғалімдердің жалақысы көтеріліп жатқан жағдайда істеймін өз мамандығым бойынша, но пока аздау болып тұр айлық.

Жалпы, республика бойынша 15 пен 28 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардың саны 81 мыңнан асады. Олардың көпшілігі криминалды қалалардың бірі Алматыда, онда 17 мың. Мұнан соң Алматы облысы, онда - 8 мың болса, Қарағанды облысы - 6,5 мың жас жұмыссыз. Соңғы жылдары жұмыссыздармен күрес күшейген. Дегенмен нәтижесі баяу. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз жастардың неге көп екенін былай түсіндірді:   

Гүлнұр ЖОРАХАНОВА, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ САРАПШЫСЫ:  

Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастардың білімінің сәйкес келмеуіне байланысты. 2019 жылғы екінші тоқсан бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,7% құрап отыр

Қазір елде фрилансер жастардың саны артқан. Яғни еркін жұмыс тәртібін жөн көретіндер. Олар жіпсіз байланып, қағазбасты жұмыстарды атқарғаннан гөрі, шектеулі уақытқа ғана барып, қомақты қаражат алу тиімді деп санайды. Бірақ олар ресми түрде жұмыссыздар қатарында.  

Ә. Өмірзақ