Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік желі бүлікшілер үшін жайлы орынға айналды,- Ертісбаев

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2019
  • 2975

Интернеттің заңсыз наразылықтарға тікелей байланысы болмағанда, Мұхтар Әблязовке ел назар аудармас та еді. «Литер» қоғамдық-саяси басылымына берген сұхбатында Ермұхамет Ертісбаев осылай дейді. Ол жуырда қашқын Мұхтар Әблязовпен пікірталасқа түскен болатын. Ермұхамбет Ертісбаев бұл қозғалыстың қозғаушы күші жоқ, деді. Сондай-ақ, экс-банкирдің ұйымында не болашағы бар үкімет, не әкімдер корпусы жоқтығын тілге тиек етті. 

- Билік саяси экстремистерге қатысты заң шеңберінде қатаң шаралар қолданды және қолдана бермек. Бұл - заңға сәйкес және өте дұрыс. Бірақ әлі де мемлекетке қарсы заңсыз бас көтеріп жүрген жастармен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуіміз керек деп ойлаймын. 

А. Бектас