Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 34 оқытушы жалған дипломмен сабақ берген

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2019
  • 4641

Дипломдарды саудалаған 19 интернет сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұдан бөлек Ақтөбеде 34 оқытушы жалған дипломмен жұмыс істеген. Прокурорлардың дерегінше мектептерде, арнайы оқу орындары, тіпті балабақшаларда жалған мамандар сабақ берген. Қазіргі кезде жаппай тексеру жұмыстары қолға алынды. Бақыт Рахметова тарқатады. 

Жалған дипломдарда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін 2010 мен 2018 жылдар аралығында оқыған деп көрсетілген. Прокурорлар тексеруі барысында тіпті кейбір мамандықтарды даярлайтын факультеттер бұл оқу орнында сол жылдары болмағандығы анықтаған.  

Есет ӘЗІМОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Бұл ретте бес оқытушы «фортепиано» мамандығы бойынша жоғарғы білім алғандығы туралы диплом негізінде музыка колледжінде еңбек етеді, алайды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мәліметіне сәйкес университет атылған пен бойынша мамандарды оқытып шығармаған.

Асланбек ТІЛЕУҒАЛИ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ЗАҢГЕРІ:  

Бұл сұрақ бойынша біздер тамыз айында Алматы қалалық прокуратурасымен бірлесіп жұмыс істедік. Жалған дипломдарға байланысты құжаттар, ақпараттар тізім бойынша тексерілді. Оңдай студенттердің бізде оқымаған болып шықты.

Сондай-ақ, 7 колледжде жоғарғы білімі жоқ ұстаздардың сабақ берген. Бұл жаңалық колледж басшылығы үшін төбеден жай түскендей әсер қалдырды. Өйткені ұстаздардың кейбірінің оқу орнында отыз жылдық еңбек өтілі бар екен. Шыңдық ашылған соң, барлығы қызметтен қуылған.   

Аманжол ИСМАГҰЛОВ, А.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Үш төрт жылдан бері консерватория бітірген мамандар болу керек. Оларда база бар музыка мектептікі. Біз қайдан білейік. Оқуға түстік деп жүрді. Біз қуанып жүрдік. Келді де құжат тапсырды. Ол жерде барлығы дұрыс бізде дефецит орын болған соң аламыз ғой енді. Білгенде бізгеде шок болды. Қайдан қалай?!»

Қала мектептері де жалған дипломы бар ұстаздармен жұмыс істеген. Олар химия, биология секілді негізгі пәндерден сабақ беріп келген. Осындай жағдай қаламыздың 11 мектебінде орын алған.  

Гүлназ СҮЛЕЙМЕНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жалпы білім беру ұйымы кез-келген басшысы келген маманды жұмысқа қабылдаған кезде диплом жалған жалған еместігін анықтау, шынайы шынайы еместігін анықтау олардың құзырлығына жатпайды. Колледж басшысы не мектеп басшысы болсын келген маманды сәйкесінше өз пәні бойынша жұмысқа қабылдайды.

Қазір 34 педагог бойынша анықтау жұмыстары қолға алынған.   

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:  

Сондай-ақ прокурорлар ел аумағында белгілі бір соммаға жалған дипломдар сатып келген 19 интернет сайттың жұмысын тоқтатқан. Қазіргі кезде оларды жауапқа тарту мәселесі қаралуда.

Б. Рахметова