Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттады

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2019
  • 3738

Елде дәрі-дәрмек бағасы тағы қымбаттады. Биыл фармацевтикалық препараттар құны шамамен 9 пайызға көтерілген. Energyprom.kz порталы 7 айдағы жиынтықты санап, жылдық өсімнің 8 жарым пайызды құрағанын анықтады. Сандарға салып, салыстырсақ, шілдеде жылдық инфляцияның жалпы деңгейі 5,4%-ға жеткен. Ал қаңтар-шілде айларында бұл 5,1%-ды құрапты. Былтырғы шілде айына қарағанда антибиотиктер, дәрумендік препараттар, жүрекке арналған және анальгетикалық дәрілер бағасы 10%-ға қымбаттаған. Дәрі құны көбіне Қызылорда, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстарында көтерілді. Ал елдегі негізгі фармацевтикалық дәрі өндірісі 53,3 млрд теңгеге жетті. Айта кетейін елдегі фармацевтика импортқа аса тәуелді. Қазақстандық өндірушілер дәруменге сұранастың тек 5%-ын қамтыған. 

А. Бектас