Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы мен Жемқорлыққа қарсы агенттік сыбайластықпен күресте күш біріктірмек

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2019
  • 2024

«Nur Otan» партиясы мен Жемқорлыққа қарсы агенттік ауызбастырықтың алдын алу үшін ауқымды жұмыс бастайды. Бұл туралы агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов брифингте мәлімдеді. Тараптар бірлесіп, бармақ басты әрекеттермен бұған дейін де күресіп келген. Агенттік партияның «Jas Otan» жастар қанатымен де тығыз қарым-қатынас орнатқан. Жыл сайын өтетін «Таза сессия» акциясы соның бір дәлелі. Мәселен, былтыр жүргізілген мониторингтің арқасында студенттік жатақханаларда 84 заңсыздық анықталған. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Арнайы мониторингтік топтар бар. егер мына топтарды қарасақ, құрамында 30 пайызға жуық «Nur Otan» партиясының мүшелері. Сондықтан жақсы нәтижелер бар біздің ортақ жұмысымыздың.

Ал партия хатшысы Марат Сембеков саяси кеңесте Елбасы басымдық берген мәселеге тоқталды. Ол партияны жаңғырту аясында кадрлық әлеуетті күшейту тиімді екенін айтады. Мұны шетелдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Қызметкерлер адалдығы мен жауапкершілігін партия хатшысы Сингапурдағы жүйемен салыстырды. 

Марат СЕМБЕКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей «Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сенімін жояды, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді, еліміздің әлеуметтік-экономкалық және рухани дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан біз алдымызға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін түбегейлі шаралар қабылдауымыз қажет.

А. Бектас