Русский Сайттың толық нұсқасы

Әбләзовтың тағы екі сыбайласы елге оралды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2017
  • 2037

Әбләзовтың тағы екі сыбайласы өз еркімен елге оралды. Және кінәсін мойындап отыр. БТА-банктің қаржысын жымқырды деп айыпталған қашқын олигархтың қылмыстық тобында болғанын теріске шығармады. Бұл туралы жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы хабарлады. Банктің бұрынғы басқарма басшысы Максим Хаблов пен Әбләзовтың бақылауындағы компаниялардың бірінде жетекшілік еткен Анар Әбдіқаимова мемлекеттік органдарға өтініш жолдапты. Онда Қазақстанға қайтуға дайын екенін жазған. Күмәнді құжаттарға Әбләзовтың талап етуімен қол қойғанын мойындапты.