Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі ет комбинаттарына шикізат жеткіліксіз

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2017
  • 3081

Еліміздегі ет комбинаттарына шикізат жеткіліксіз. Ал ет пен сүттің 70-80 пайызын қосалқы шаруашылықтар өндіріп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов Мәжілісте өткен коммунистік партияның кеңйтілген отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жеке шаруашылықтарды кооперативтерге біріктірсе, мәселе шешіледі.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

500 мыңнан астам адам жеке қосалқы шаруашылықтарда қызмет етеді. Олар ет пен сүттің 70-80 пайызын өндіріп отыр. Алайда бұл көлем өңдеуге жетпейді. Өйткені олар дайындау, өткізу мәселелерін шеше алмай отыр. Өңдеу кәсіпорындары толық қуатта жұмыс істемейді. Мысалы, сүт өңдеу 60 пайызға, ет өңдеу  38 пайызға дейін ғана жетеді. Ет комбинаттары бос тұр десе де болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ