Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы оралдық зейнеткерге көмек қолын созды

  • AstanaTV
  • 17 қазан 2017
  • 2541

«Нұр Отан» партиясының көмегімен оралдық зейнеткер шипажайға жолдама алды. ІІІ топ мүгедегі Жолдығали Өтеев ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық еткен. Зейнеткерлікке шыққасын денсаулығы сыр беріп, мүгедектік тағайындалады. Бірақ денсаулығын түзеу үшін шипажайда емделудің сәті түспей жүр екен. Қамкөңіл қария «Нұр Отан» партиясының облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, мұңын шағады. Партияның араласуымен аз уақыттан кейін зейнеткер ұстаздың қолына жолдама тиді. Бар саналы ғұмырын білім беру ісіне сарп еткен ардақты жанға «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы кәсіподақ арқылы жолдама алуға көмектесті. Енді ол жергілікті «Ақжайық» шипажайында тынығып, ем алады.

Жолдығали Өтеев, зейнеткер, ІІІ топ мүгедегі:

«Нұр Отан» партиясының үлкен көмегінің арқасында осы демалысқа жолдама бергеніне көп-көп рақметімді тағы да айтқым келеді.