Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда мас күйде жол апатына ұшыраған полицей қызметтен қуылды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2019
  • 2687

Тәртіп бұзған тәртіп сақшысы. Қостанайда мас күйде көлік тізгіндеп жол апатына ұшыраған полицей жұмыстан қуылды. Ол аудандық қылмыстық іздестіру бөлімін басқарған. Полиция қызметкері мінген Mitsubishi Outlander бағдаршамда тұрған ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысып, салдарынан алдындағы тағы бір автокөлікке зақым келтірген. Жарақаттанған жолаушысы дереу ауруханаға жеткізіліпті. Қазір оның жағдайы қалыпты - дейді полицияның баспасөз қызметі. Сараптама қорытындысына сай сақшының ішімдік ішкені анықталған. Департамент басшысының бұйырығымен полицей қызметінен қуылды. Сонымен қатар осы жол- көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тергелуде. 

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Мас күйінде жол-көлік оқиғасына себеп болған полиция қызметкері әскери қызметтік тәртіпті және заң талаптарын сақтамағаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтің бұйрығымен ішкі істер органынан шығарылды.

З. Санай